Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Сарыкобдинская средняя школа

Сарықобда орта метебінің мецинаттары

Сарықобда орта мектебіне демеуші ретінде көмек көрсеткен түлектер туралы мәлімет.

Сарықобда орта мектебінің түлегі Менгель Сергей Григориевич өзінің ең алғаш қадам басқан мектебіне 2012жылы демеуші ретінде мектеп ауласына түнде жарық беріп тұратын шамдар мен отырғыштар сыйға тартты. Сонымен қатар субұрқағымен оқушыларға арнап шағын демалыс саябағын ашты.

1993 жылғы бітірген түлектер демеушілік жасап, мектептің кіре берісіне темір есік орнатты.(80мың)

2002жылғы бітірген түлектер қазақ тілі кабинетіне тақта сыйға берді. (30мың)

2007 жылғы түлектер мектептің 1 этаж фаесіне смарт телевизор сыйлады. (40мың)

2011жылғы түлектер әрі мектебіміздің жас ұстаздары Сагидан Алтынбек пен Құрмантаева Ботакөз оқушыларға арнап үстел теннисін сыйға берген болатын.

2013 жылы ұстаздарымыздың демеушілігімен мұғалімдер бөлмесіне жұмсақ жихаз  және дөңгелек үстел сыйға берілді. (150мың)

2014жылғы түлектер мектеп оқушыларына арнап бірыңғай спорт киімін сыйға берген болатын. (20 мың)

2017жылғы түлектер мектептің кіре беріс маңдайшасына электронды жүгіртпе жол сыйлады.  (80 мың)

2018жылғы түлектер қыз балаларға арналған тігін іс машинасын сыйлады. (30мың)

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылған  «Бақытты бала» акциясына байланысты мектебіміздің түлектері балаларға арнап 350мың теңге көлемінде демеушілік жасап ойын алаңын ашты