Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Алгинская школа-гимназия

Алға мектеп-гимназиясы 03.09.2018 Алға мектеп-гимназиясы

«Алға мектеп – гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Алға ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 тамызындағы №331 қаулысымен ашылды. Мектеп-гимназияның қуаттылығы – 600 орындық және мектеп жанынан 100 орындық интернат қарастырылған.

Мектептің жалпы ауданы = 4043,5м², интернаттың ауданы =1251,3м². Барлығы 35 кабинет. Барлық кабинеттер заманауи жиһаздармен жабдықталған. Оның ішінде жаңа модификациялық кабинеттері: физика кабинеті - 2, химия кабинеті - 2, биология кабинеті - 1, мультимедия кабинеті – 6, информатика кабинеті – 4. Мектеп-гимназия 7 интерактивтік тақта, 167 компьютермен жабдықталған. Жоғары жылдамдықтағы хит оптима интернет желісімен және радио жүйесімен қамтылған. 16 бейнеқондырғы орнатылған.

Мектеп-гимназия акт залының сыйымдылығы -200 орындық. 150– орындық асхана барлық техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мектеп-гимназияның кітапханасы медиатекамен қамтылған. Салауатты өмір салтын ұстану бағытында білім алушыларға - 2 спорт залы қарастырылған. Мектеп-гимназия жанында спорт алаңы жасақталған: футбол, баскетбол, волейбол алаңдары, ұзындыққа, биіктікке секіру алаңдары, спорттық снарядтар лақтыру алаңы, 2-жаттығу алаңы және жүгіру жолы салынған.